Есірткі қылмысына қарсы күрес желісі бойынша
2020 жылға арналған ақпарат
Есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды талдауда осы қылмыс түрінің жасырындығы атап көрсетілді.
Осыған байланысты есірткі құқық бұзушылықтарын тіркеудің өсуі есірткі қылмысына қарсы күрес тиімділігінің артқандығын айғақтайды.
Мәселен, 2020 жылы 195 есірткі құқық бұзушылық анықталды, 10,8%-ға өсті, оның ішінде есірткі және психобелсенді заттарды өткізудің 49 фактісі анықталды.
Заңсыз айналымнан 462 килограмнан астам түрлі есірткі заттары, оның ішінде 372,16 грамм героин және 1 килограмм 590 грамм синтетикалық есірткі тәркіленді.
Әкімшілердің синтетикалық есірткіні байланыссыз таратумен айналысатын 6 Интернет-дүкеннің қызметінің жолын кесу фактісі айқындап отыр.
Қазақстан Республикасының сот тәжірибесінде алғаш рет Солтүстік Қазақстан облысында интернет арқылы синтетикалық есірткілерді жарнамалаумен айналысқан фигурант қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Өңірдегі есірткі ахуалын сауықтыру үшін Полиция департаменті есірткі құқық бұзушылықтарын анықтауға бағытталған «Транзит», «Өрмек», «Дәрмек» және т.б. сияқты өңірлік және республикалық жедел-профилактикалық іс-шараларды мақсатты түрде тұрақты негізде жүргізеді.
Мысалы, «Транзит» жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты - облыс аумағына есірткі мен синтетикалық психобелсенді заттарды жеткізу арналарын анықтау және жолын кесу болып табылады.
Өзінің географиялық орналасуы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Орталық Азия елдерін Ресей Федерациясымен қосатын «коридордың» бірі болып табылады. Солтүстік Қазақстан облысының 13 ауданының 6-уы Түмен, Омбы және Қорған облыстарымен шектеседі. Бұл ретте, Петропавл қаласы ірі көлік торабы болып табылады.
Мысалы, 2020 жылы Омбы қаласынан контрабандалық жолмен әкелінген «Аквафор» су сүзгісінде жасырылған 200 грамм «Альфа-PVP» («тұз» деп аталатын) психобелсенді затын тәркіледік. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолдаумен аяқталды. Түсінікті болу үшін 200 грамм – шамамен 3 000 бір реттік доза, құны шамамен 2 500 000 теңге.
«Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты құрамында есірткі және психобелсенді заттар бар дәрілік препараттардың заңды айналымы саласындағы бұзушылықтарды анықтау болып табылады.
Медициналық және фармацевтикалық мекемелердің, сондай-ақ өз қызметінде прекурсорларды пайдаланатын кәсіпорындардың техникалық нығайтылуының әлсіздігі негізгі бұзушылық болып табылады.
Мысалы, 2021 жылғы 22 ақпанда «СҚО әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының 1-ші қалалық емханасы» ШЖҚ КМК тексеру барысында дәрілік препараттарды сақтауға арналған үй-жайлар мен сейфтердің техникалық нығайтылуының бұзылғаны анықталды, осыған байланысты жауапты тұлғаға ҚР ӘҚБтК 427-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.
Ағымдағы жылы 34 есірткі құқық бұзушылығын тіркедік, оның 10-ы есірткі заттарын өткізу фактілері бойынша.
Заңсыз айналымнан 17 килограмнан астам түрлі есірткі мен психобелсенді заттар алынды.
Өткен аптада жүргізілген наркологиялық зертхана қызметінің жолын кесу операциясы мысал болып табылады.
Мәселен, өткен жылдың соңында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлерінің назарына синтетикалық есірткіні таратумен айналысатын облыс орталығында тұратын ерлі-зайыптылар ілікті.
Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында осы отбасылық жұппен таратылған синтетикалық есірткінің әкелінбегені, облыс аумағында дайындалғаны анықталды. Осы мақсатта Жамбыл ауданының Миролюбово ауылында үй сатып алды.
Ағымдағы жылдың 19 және 20 ақпанында операцияның соңғы кезеңінде арнайы бейімделген үй-жайдан арнайы жабдықтар: араластырғыш, ұстағыш, колбалар, өлшеуіш ыдыстар, сондай-ақ қорғаныс костюмдер мен респираторлар алынды.
Бұл ретте, заңсыз айналымнан 1 килограмға жуық синтетикалық есірткі, өлшеу таразы, буып-түю материалы, сондай-ақ жазбалары бар блокноттар мен дәптерлер алынды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төрт фигурант қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Толық ақпарат кейінірек жарияланады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде есірткіні, әсіресе интернет арқылы тарату үшін өте қатаң шаралар көзделген. Бұқаралық ақпарат құралдары халыққа жариялау үшін маңызы зор, сондықтан халыққа, БАҚ арқылы да үндеу тастаймыз. Мақсатымыз - адамдарға оңай табыс табу жолы жоқ екенін ойлауға мүмкіндік беру. Бұл, алдын-алу әдістерінің бірі.
Халықаралық тәжірибеде көрсетілгендей, есірткі қылмысына қарсы күресте алдыңғы қатарлы елдер жастар арасында нашақорлықтың алдын алуды бірінші орынға қойды. Дегенмен, нашақорлықтан емдеуден гөрі алдын-алу - оңай тәсіл.
Нашақорлықтың алдын алудың мақсатты аудиториясы жасөспірімдер мен жастар болып табылады. Есірткіге қарсы иммунитетті дарыту үшін әртүрлі іс-шаралар кешенін қолданамыз, олар кең ауқымды акциялар, дәрістер, әңгімелер. Биыл онлайн-форматта жұмыс істеуге бет алдық. Дәрістер, әңгімелер, кездесулерді ЗУМ платформасында өткізіледі. Көптеген қызықты ақпарат, фото және бейне ұсынамыз.
Соңғы 2 жыл ішінде ата-аналармен жұмысты күшейтіп, қолға алдық. Ата-аналар жиналысына бастамашылық жасап, жиналысқа қатысамыз.
Алайда бәрімізге мәлім, әлемдегі пандемияға байланысты онлайн форматқа көшті, өйткені балалардың 24\7 үйде оқуда. Осылайша, балалардың жүріп-тұруына ата-аналар толық жауапты.
Студенттік және жастардың еріктілер ұйымдарының күштерін тарта отырып, тұрақты негізде жұмыс жүргізудеміз. Граффити хабарландыруларын бояу бойынша акциялар («СКО іздеу жасағы» және «Қамқор» еріктілер бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасау). Өткен жылы 5 акция өткізілді. 379 хабарландыру боялды.
2018 жылдың қараша айынан Whatt'sApp 8 707 500 9665 нөмірінде чат құрылды, осы чатқа қаланың барлық ПИК төрағалары кіреді. Осы нөмірге ниет білдірген барлық адамдар қалада геолокациялы есірткі сайттарының жарнама фотоларын жібереді. ПИК төрағалары уақтылы бояйды. Егер аталған орындар ПИК қызметіне кірмесе, онда еріктілермен бірігіп, бояу жұмысын атқарамыз.
Нашақорлықтың алдын алу жастар аудиториясымен байланысты болғандықтан, олармен үнемі мазмұнды әңгіме өткіземіз, құрдастары арасында алдын-алу туралы көзқарасын тыңдаймыз. Осының негізінде, Инстаграм және Фейсбук платформаларында upn_dp_sko ресми аккаунтын іске қосу туралы шешім қабылданды. Аккаунтқа орналастырылған ақпарат халық арасында есірткіге қарсы тұрақты иммунитетті қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, бұл әлеуметтік педагогтар, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлар, сынып жетекшілер мен ата-аналар үшін қосымша ақпарат көзі. Ақпарат күн сайын жаңартылады.
Мақсатты аудиториямыз - жасөспірімдер мен жастар тек алдын алу бағытында орын алып отырған жоқ. Осы санаттағы адамдар «тәуекел аймағында». Жасөспірімдер мен жастар интернетте көп уақыт өткізеді. Достармен танысып, тіл табысып, жаңа ойындар мен ойын-сауық тәсілдерін ойлап табады. Оның ішінде релаксацияның жаңа түрлері де бар. Интернет кеңістігінде көптеген адамдар есірткі сайттарымен танысады. Сондықтан осы адамдар тобына көбірек назар аударамыз.
Интернетте «кәсіп» деп аталатын бұл түрі іске асыру ғана емес, сонымен қатар жарнама беру, «жасырушының» жұмысы азғыруға әкеп соқтырады. Осыған байланысты есірткі қылмысы айтарлықтай «жасаруда».
Мысалы, облыс бойынша 2020 жылы 18-25 жас аралығында «синтетика» затының заңсыз айналымы үшін 23 адам жауапкершілікке тартылды.
Солтүстік Қазақстан облысында 2020 жылы Денсаулық сақтау басқармасында 534 адам есепте тұр. Оның ішінде кәмелетке толмағандар – 2.
Есірткіге тәуелділердің жасы:
- 15 жастан 17 жасқа дейін - 2 адам;
- 18 жастан 30 жасқа дейін - 133 адам.
Жұмыс жалғасуда.
СҚО ПД ЕҚҚІҚБ