1 желтоқсан - дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні

1 желтоқсан - дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні

🔺 Денсаулық сақтау дүниежүзілік ұйымы 1988 жылы құрылды.

🔺 АИТВ алғаш жұқтыру:

1981 жылы - АҚШта;

1983 жылы - бұрынғы КСРО;

1987 жылы - Қазақстан Республикасында;

1989 жылы - Солтүстік Қазақстан облысында анықталды.

🔺 АИТВ таралуының белгілі үш жолы:

- Жыныстық қатынас - АИТВ инфекциясын жұқтырған не ЖИТС ауыратын науқаспен мүшеқапсыз жыныстық қатынасқа түсу.

- Парентералдық - АИТВ инфекциясын жұқтырған не ЖИТС ауыратын науқас қанының сау адамға құйылуы.

- Тіке – АИТВ инфекциясын жұқтырған әйелдің жүктілік, босану, емізу кезінде балаға вирус жұқтыруы.

🔺 Есірткі әрі АИТВ әуелден қосақталып келетіні белгілі. Себебі нашақордың барлығы дерлік АИТВ инфекциясын жұқтырған санатында. Есірткі қабылдау - АИТВ таралуының басты факторы. Вирус таралуы, инфекция берілу басты себебі - нашақор инесі. Вирус есірткіге шприц әрі тамыр ішкі инъекциясының түрлі ыдысы, құралы арқылы енеді.

🔺 АИТВ жұқтырғанын анықтау жолы – қанды зертханаға тапсыру.

Петропавл қаласы, Кирпичный көшесі 4-үйде орналасқан ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы не қала әрі аудан орталығында кез келген емханада қанды зерттеуге тапсырып, нәтижесін ала аласыз.

1 желтоқсан - дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні
Дата публикации
18 марта 2021