Жасөспірім арасында есірткіге тәуелділік мәселесі

Жасөспірім арасында есірткіге тәуелділік мәселесі мектеп ішінде де орын алды. Білім беру мекемелеріне нашақорлықтың алдын алу жұмысын жүргізу бойынша жауапкершілік жүктеледі.

Мұғалім оқушысының есірткі қабылдайтынын білсе не істеуі керек?

🔺Алдымен, сынып жетекшісі мектеп психологын хабардар етеді.

🔺Психолог жасөспіріммен жеке жұмыс жасай бастайды.

🔺Содан кейін мұғалім әлеуметтік мұғалім, мектеп инспекторы, тәрбие жөніндегі орынбасар мен директорды хабардар етеді.

🔺Есірткіден масайған күйдегі оқушыны ғана бірден директор бөлмесіне апарған жөн.

🔺Мектеп пен ата-ана арасында байланыс орнатылып, отбасы мәселесіне оң көзқарасты болса, мұғалім ата-ананы орын алған оқиға туралы хабардар етіп, наркологиялық орталықтың, көмек көрсету қызметінің, оңалту орталығының тізімін (телефоны, мекенжайы, нақты маманын көрсетумен) беруі керек.

🔺Есірткі қабылдайтын бала аз қамтылған отбасынан болса, мектеп басшылығы мен жоғарыда аталған мамандардың қатысуымен жұмыс жүргізілуі керек. Баланы кеңес алу әрі қаралу үшін наркологиялық қызметке жіберу керек.

🔺Ата-анамен әңгімені қалай жүргізу туралы кеңес келесі постта ұсынылады.

🔺Осы әрі басқа ақпаратпен толығырақ бөлісуге әрдайым дайынбыз.

🔺Әңгіме басын сабырмен байбаламға салынбай бастаған жөн. Сіздің көкейіңізде баланың есірткі қабылдайтыны туралы айып тағу емес, тек күмән туындады. Ата-ананың назарына түспеген бала бойындағы белгілер байқалатын болса, осы оймен бөлісіңіз.

🔺Ата-ана ойын тыңдап, баладан байқаған белгіні салыстырыңыз. Ата-ана жасөспірімге қатысты оң дәйек келтірсе, Сіз қателескен боларсыз, екшелеп көріңіз. Баладан байқалған белгімен бөліскен кезде алдағы әрекет ету ретін біле аласыз.

 

🔺Есірткі салдары туралы ескертіңіз. Мұндай жағдайдағы ұстаз әрекетін түсіндіріңіз. Психобелсенді затты (ПБЗ) қабылдау бала денсаулығына зиян келтіретінін түсіндіріп өтіңіз. Баланы жазалаудан гөрі проблема шешу жолын қарастырыңыз.

 

🔺Есірткі қабылдау салдарын талқылаңыз. Психолог пен әлеуметтік мұғалім бас кезінде көмектеседі. Іс насырға шауып Қылмыстық кодекстің бұзылуына әкелсе, Заң алдында ата-ана жауапты болатынын ескертіңіз.

 

🔺Ата-аналардың назарына кеңес алу әрі медициналық көмекке жүгіну қажеттілігін жеткізіңіз. Нашақорлық - емдеуді қажет ететін ауру, соны естен шығармаған абзал. Бұл аурудан бастапқы кезде емделетін болса, сауығып кету мүмкіндігі зор екенін жадыңызда сақтаңыз.

 

🔺Құрметті желі қолданушылар!

Алдыңғы және осы жазбадағы ақпарат ұсынымдық сипатқа ие.

 

🔺Сіздермен осы әрі басқа да ақпараттармен толығырақ бөлісуге дайынбыз.

Біздің байланысымыз: СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы.

Нашақорлықтың алдын алу тобы: 61-26-14

Жасөспірім арасында есірткіге тәуелділік мәселесі
Дата публикации
18 марта 2021