Жасөспірімдер арасында насыбай зияны жоқ, қол жетімді, тартымды деп саналады. Насыбай - бұл махорка не болмаса түрлі өсімдіктердің күлінен жасалған (нас өсімдігі) темекі, тауық саңғырығы немесе түйе тезегі және ең таңқаларлығы, сөндірілген әктің қоспасы! Бұл өте қауіпті қоспа емес пе? Насыбай жасөспірімдердің психикалық дамуына әсер етеді - ойлау және есте сақтау қабілеті нашарлайды, мінезі ұшқалақ бола бастайды. Ұмытшақтық пайда болып, психикасы бұзылады. Насыбай ату балалардың әдетіне айналып кетуі мүмкін. Көп ұзамай жасөспірім бұдан да күшті әсер алғысы келеді. Егер жасөспірім насыбайды сағыз сияқты тұтынатын болса, көп ұзамай есірткіні де қабылдап көруі мүмкін. Насыбай қауіптілігі бойынша үшінші топқа жатады. Насыбай лоқсу рефлексін тудыруы мүмкін және ағзаға ұзақ әсер етпейді. Оны жайдан-жай жеңіл есірткі деп атамайды. Егер, өсімдік сөндірілмеген әк ерітіндісімен суарылса, ол «күйіп кетеді». Адам ағзасына да дәл солай әсер етеді: әк әсерді жылдамдату үшін қосылады, ол қан тамырларын күйдіріп, ауыздың және асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығын бұзады. Сонымен қатар, жануарлардың нәжісін қабылдау салдарынан ішек таяқшасына, қатерлі инфекцияға тап болуы мүмкін. Ойлан, қабылдап көруге бола ма?