«Меф», «мяу» деп аталып кеткен мефедрон есірткісі жастар арасында жылдам тарауда

«Меф», «мяу» деп аталып кеткен мефедрон есірткісі жастар арасында жылдам тарауда.

Мефедрон-амфетаминдер класындағы синтетикалық есірткі. Ол тұзды синтетикалық психобелсенді заттарға жатады. «Меф» - бұл тұз, ағзаға үлкен зиян келтіретін қауіпті психостимулятор.

Әсері:

- эйфорияның пайда болуы;

-жүректің жиі қағуы;

- тахикардия;

- жоғары қан қысымы.

Бұл есірткіні қабылдаудан:

- қан тамырлары мен жүрек;

- тыныс алу жүйесі;

- асқазан-ішек жолы;

- бауыр мен бүйрек;

- тірек-қимыл аппараты және сүйек тіндері;

- жүйке жүйесі тозады.

Жағымсыз әсерлері:

- галлюцинация;

- тұрақты түрде жүрек айнуы, әлсіздік;

- мазасыздық;

- депрессия.

Көбінесе, тәуелді адамның өзі немесе оның жақындары есірткі қолданудан туындаған дененің ауруына төтеп бере аламыз деп ойлайды. Есірткіге тәуелділер ауырсынуды басатын дәрілер немесе ішімдік ішеді. Кей жағдайларда адам денесі құрысқан кезде аяқ-қолын сындырып алуы, кенеттен тынысы тоқтап, жүрек ұстамасынан қайтыс болуы мүмкін. Тағы бір жағдайда, нашақор дәріханалық препараттарға тез үйреніп алады. Ең қауіпсіз және тиімді емделу кәсіби наркологиялық орталықтарда тәжірибелі наркологтар мен психотерапевтердің бақылауымен жүзеге асырылады.

«Меф», «мяу» деп аталып кеткен мефедрон есірткісі жастар арасында жылдам тарауда
Дата публикации
12 марта 2021