Хабарландыру жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ағымдағы жылғы                   26 наурыздағы № 218 «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі – бұйрық) Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерін  жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.

Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.

2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 773 ІІМ бұйрығына сәйкес лауазымдарды атқаратын қызметкерлер  Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей СҚО ПД жеке қраммен жұмыс жөніндегі басқармасына үлгіге сәйкес баянат және «Документолог» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.

Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:

1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 67 бұйрығы).

ПД номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:

- ПД аппаратына C-SVО-5, C-SVR-4 (басшы лауазымдарына) санаты;

- қалалық және аудандық полиция бөліністеріне
C-SVR-4, C-SVR-5, C-SVО-7 (C-SVR-3 санаты үшін) санаты;

2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;

3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізгендер.

Сұрақтар туындаған жағдайда СҚО ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі  басқармасына хабарласуға болады: каб. № 311, 302, анықтама телефондары 8 (7152) 61-27-15, 61-26-12, электрондық мекенжайлар: al.abelmanova@mvd.gov.kz,   nurken.omarov@mvd.gov.kz

 

Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.

 

Дата публикации
24 августа 2026