ҚР ІІМ логотипі

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Көші-қон қызметі

Көші-қон қызметі көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты ведомствоаралық үйлестіруді және іске асыруды, көші-қон процестерін мониторингілеуді, талдауды және болжауды, сондай-ақ босқындар және Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Функциялары:

  • шетелдік мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
  • азаматтарды қабылдауды, азаматтардың, лауазымды адамдардың ауызша және жазбаша арыздарын, өтініштері мен ұсыныстарын уақтылы және толық қарауды жүзеге асырады, олар бойынша шешімдер қабылдайды;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды әзірлейді;
  • шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ұсынымы бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, шекараны бұзушыларды шекаралық іздеу, қаруланған шабуылды тойтару немесе іргелес мемлекет азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына жаппай өтулері кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың шекара маңы аймағында (жолағында) орналасқан жергілікті жердің жекелеген учаскелеріне немесе объектілерге қолжетімдігін шектейді немесе тыйым салады;
  • Министрліктің «Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік мекемесімен жеке басын куәландыратын құжаттарды дайындау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктерді жеке есепке алуды жүргізеді;
  • босқын деп танылған адамға өз құзыреті шегінде шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға көмек көрсетеді;
  • босқын мәртебесін беру, ұзарту, айыру және тоқтату рәсімін жүзеге асыру жөніндегі комиссияны құрады, сондай-ақ оның ережесін әзірлейді және бекітеді;
  • пана іздеуші адамдар мен босқындардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша арыздары бойынша материалдарды қарайды және қажетті құжаттармен бірге оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жолдайды;
  • өз құзыреті шегінде халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша шаралар кешенін әзірлейді және іске асырады.

 

Документы
Статистика
08 октября 2026
Өңірлер бойынша Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тіркелген және берілген рұқсаттардың саны
Статистика
08 октября 2026
Өңірлер бойынша тұрғылықты жерде тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының саны
Статистика
08 октября 2026
Өңірлер бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарына берілген паспорттардың, жеке куәліктердің саны
Новости
Полезные материалы
Миграциялық қызметтің көмегімен жасөспірім алғаш рет жеке куәлік алды
Моңғолия азаматы алғыс білдірді
Қазақстан бойынша көші-қон дайджесті
Медиагалерея
1
Ішкі істер министрінің орынбасары СҚО әкімдігінің өкілдерімен кездесті
1
5 сәуір - Қазақстанның көші-қон қызметкерлерінің күні
События
05 июля
Маңғыстау облысы аумағында "Заңсыз келуші - 2021" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
25 октября
«Көші-қонды бақылау және азаматтардың еңбек қатынастарындағы құқықтарын қорғау»
07 февраля
«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне көші-қон процестерін реттеу міндеттерін беру туралы». «Қаржы пирамидаларына қатысты қылмыстық істерді тергеу туралы».
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
«Ақпараттық-өндірістік орталық» ШЖҚ РМК
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Астана қаласының Полиция департаменті
Часто задаваемые вопросы
Қазақстан Республикасының азаматтығын ресімдеудің жеңілдетілген тәртібі кімдерге қолданылады?

Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануы мүмкін:
      - «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандығы Заңының 16-1-бабы негізінде:
     1) тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын қандастар;

    2) тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын, өз еркімен азаматтығынан айырылған немесе азаматтығын жоғалтқан жаппай саяси қуғын-сүргіннің ақталған құрбандары, сондай-ақ олардың ұрпақтары;

   3) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алатын этникалық қазақтар жатады.

- «Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы» Конвенцияға сәйкес –Қазақстан  Республикасының азаматымен тіркелген некеде тұрған әйелдер.

- Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының арасындағы Азаматтық алудың оңайлатылған тәртiбi туралы келісімге сәйкес.

Қарау мерзімі – 3 ай. Азаматтыққа қабылдау ПД қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.

Егер берілген жеке сәйкестендіру нөмірі туған күніне немесе жынысына сәйкес келмесе не істеу керек? Жаңа ЖСН алуға болады ма?

ЖСН ақпараттық жүйеде туу туралы куәлікті, жеке куәлікті немесе паспортты берген кезде автоматты түрде қалыптасады және бірегейлік, өзгермейтіндік қағидаттарына негізделген және тек бір адамға сәйкес келеді.

         Бұл, әрбір азаматтың ЖСН-і басқа адамның ЖСН-мен сәйкес келмейтіндігін білдіреді, бұл ретте «Ұлттық сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес  бала асырап алу, сондай-ақ жеке сәйкестендіру өлшеміндегі бақылау разрядының оны есептеу алгоритміне сәйкес келмеуі жағдайларын қоспағанда (Заңның 9-бабы), ЖСН бір рет тағайындалады және өмірінің соңына дейін өзгермейтінін ескерту қажет.

         Осыған байланысты, егер азаматтың өмір бойы тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жынысы және басқа да деректері өзгерсе, ЖСН-нің өзі өзгермейді, өйткені бұл мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі адамның негізгі сәйкестендіргіші.

ЖСН құрайтын сандар таза техникалық мәнге ие және кодтың бірегейлігі жалғыз маңызды шарт болып табылады.

Осылайша, азаматқа ЖСН бір рет тағайындалады және Заңға сәйкес қайта өзгертуге жатпайды.

Мемлекеттік органдардың, банктердің және басқа да ұйымдардың азаматтардан төлемдер қабылдаудан, мемлекеттік қызметтер көрсетуден олардың ЖСН-інің туған күніне, туған ғасырына, адамның жынысына сәйкес келмейтіндігінен бас тартуы заңсыз болып табылады.

Айта кету керек, барлық мемлекеттік органдарға (Ұлттық банк, «әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ, Денсаулық сақтау министрлігі, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және т.б.) ІІМ бірнеше рет ведомстволық бағынысты ұйымдардың, екінші деңгейдегі банктердің ЖСН-ге байланысты азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуына қатысты шаралар қабылдау туралы және өз ұйымдары мен мекемелері арасында ЖСН құрылымы жеке тұлғаның туған күнімен және басқа сәйкестендіру деректерімен байланыстырылмауы керек.

Шетел азаматының қолданыстағы ЖСН өзектендіру (түзету) үшін қандай құжаттар қажет?

ЖСН өзектендіру (түзету) үшін шетелдік азамат немесе сенімді тұлға болу орны бойынша ХҚКО жүгінуі және келесі құжаттар пакетін ұсынуы қажет:

  1. өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат. Егер шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжатта кириллицада немесе латиницада анықтамалық деректер (Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған кезде), туған жері) жазылмаған жағдайда, құжат аудармасының тиісті көшірмесін қоса беру қажет;
  3. өкіл жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы