

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де құқықтық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырады.
Міндеттері:
Адам саудасына қарсы іс қимылға бағытталған шараларды үйлестіру және жандандыру мақсатында:
- 2024 жылғы 5 шілдеде Мемлекет басшысы адам саудасына, қарсы іс-қимылдың ұйымдық-құқықтық негіздерін, халықаралық ынтымақтастыққа үкіметтік емес ұйымдардың рөлін айқындауды, адам саудасының тәуекелдерін бағалауды және оларға көмек көрсету үшін құрбандарды қайта бейімдеу тетігін енгізуді, соның ішінде адам саудасы құрбандарының құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамдардың құқықтарын қорғау мәселелерін көздейтін «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының бірінші арнайы Заңына қол қойды
- адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі үкіметтік жоспарлар кезең-кезеңімен қабылданып, іске асырылуда.
Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар 2024-2026 жылдарға арналған кезекті іс-шаралар жоспарын орындауда.
- мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың диалог алаңы болып табылатын адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді.
- тиімділікті арттыру үшін халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық орнатылды.
- интернет желісіне, оның ішінде әлеуметтік желілерге, БАҚ-қа мониторинг жүргізіледі, ҮЕҰ-дан және басқа да көздерден келіп түсетін хабарламалар тексеріледі.