2024 жылғы 1 қаңтардан бастап паспорт пен жеке куәлікті алған кезде азаматтарды міндетті дактилоскопиялық тіркеу енгізіледі

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап паспорт пен жеке куәлікті алған кезде азаматтарды міндетті дактилоскопиялық тіркеу енгізіледі
Дактилоскопиялық тіркеу-бұл саусақтардың папиллярлық үлгілерінің құрылымдық ерекшеліктері туралы ақпарат алу. Міндетті дактилоскопиялық тіркеу біздің елімізде 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталады.
Анықтама: 12 жасқа дейінгі балалардан басқа, ҚР-ның барлық азаматтары және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер дактилоскопиялық тіркеуге жатады. 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар ерікті негізде дактилоскопиялық тіркеуге жатады.
Саусақ іздерін алу ХҚКО-да жеке куәліктерді, паспорттарды, Шетелдіктің тұруға ықтиярхаттарын және азаматтығы жоқ адамның куәліктерін ресімдеу кезінде жүргізілетін болады.
❗️Міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартқаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 443-1-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Дактилоскопиялық тіркеудің мақсаты-адамның мүдделерін қорғау, оның заңды құқықтарын, денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Артықшылықтары айқын.
✅Біріншіден, бұл іс-шаралар жеке тұлғаларды биометриялық сәйкестендіруді жетілдіруге бағытталған, бұл өз кезегінде заңсыз құжаттандыру фактілерін болдырмауға, құжаттарды қолдан жасаудан, олардың иелерін алаяқтық және өзге де қылмыстық әрекеттерден қорғауға мүмкіндік береді.
✅Екіншіден, дактилоскопиялық тіркеу біздің азаматтарымыздың басқа елдердің мемлекеттік шекараларын кесіп өту рәсімін жеңілдетуді көздейді.
✅Үшіншіден, бұл күнделікті өмірде де, жазатайым оқиғаларда да, соның ішінде техногендік және табиғи сипаттағы жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтіру рәсімін жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар жеделдетеді.
Сондай-ақ, болашақта дактилоскопиялық ақпараттың арқасында заманауи смартфондар арқылы мемлекеттік қызметтерді қашықтықтан алуды одан әрі дамыту мүмкіндігі пайда болады.
Яғни, дактилоскопиялық тіркеудің артықшылығы жеткілікті.
Мысалы, есте сақтау қабілетінің төмендеуінен зардап шегетін адамдар үшін дактилоскопиялық тіркеу ерекше маңызға ие болады. Егер адам өзі туралы ешқандай ақпарат бере алмаса (мысалы, сөйлеу қабілеті бұзылған, есте сақтау қабілеті бұзылған), дактилоскопия туыстарына жоғалған отбасы мүшесін табуға көмектеседі.
Немесе тағы бір мысал: Қазақстан азаматы біздің республикамыздан тыс тұрақты тұруға кетті. Егер ол өзінің төлқұжатын Қазақстаннан тыс жерде жоғалтса, оған Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемесіне жүгініп, дактилоскопиялық тіркеуден өткенін айту жеткілікті. Құжаттарды қалпына келтіруде ешқандай мәселелер болмайды.
Дактилоскопияның шешуге көмектесетін көптеген өмірлік жағдайларды келтіруге болады.
Саусақ іздерін сақтау қауіпсіздігінен және жүйеден дербес деректердің жоғалып кетуінен қорқатындар үшін саусақ ізі туралы ақпарат мемлекет кепілдік беретін қорғауға жататынын хабарлаймыз.
Дактилоскопиялық тіркеуден өткен Қазақстан азаматтарының дактилоскопиялық ақпараты иесіздендірілетін болады, яғни деректер базасында саусақ іздерінің цифрлық моделі мен бірегей идентификатор ғана қамтылатын болады, онда ТАӘ мен ЖСН дербес деректері жоқ.
Жүйенің құрылымы мен архитектурасының арқасында оларды иесіздендіру автоматты түрде жүреді.
Қазіргі уақытта уәкілетті орган жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізуде.
Направления деятельности