Шымкент қаласы Полиция департаментінің Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері күн мен түн теңелетін, тіршілік атауы шаттыққа кенелетін жаңа жыл, төл мереке - әз-Наурызбен барша қазақстандықтарды құттықтайды.

Қастерлі мейрам бірлікті, бауырластық пен өзара қолдауды танытып, халықты біріктіріп, мәдени-тарихи құндылықтарды дәріптейді. Жаңарудың құтты бастауына айналған Наурызбен бірге еліміздің жасампаздығы артты. Осы тұрғыда, өңіріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларының да қызметіне ауқымды реформалар енгізіліп, қазіргі таңда полицейлер сервистік модельге сәйкес жұмыс атқаруда. Яғни, өзекті мәселелердің шешімін қоғаммен бірлесіп тауып, қылмыспен күресті күшейту мен оның алдын алу, ел бірлігі мен ынтымағын сақтау бағытындағы жұмыстың тиімділігін арттыруда.
 
Халықтарды табыстырған, мән-маңызы айрықша әз-мейрам - жыл басы береке-бірлігімізді арттырып, игілікті істерге толы болсын!