Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 2020 жылдың 22 желтоқсанында синоптиктердің болжамы бойынша қала аумағында және басқа да облыстарда қалың тұман басуы күтілуде.

Жарияланған күні: 22 желтоқсан 2020

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
2020 жылдың 22 желтоқсанында синоптиктердің болжамы бойынша қала аумағында және басқа да облыстарда қалың тұман басуы күтілуде.
Шымкент ҚПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Е.Жумаханбетовтің тапсырмасымен жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында полиция қызметкерлері тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Осыған байланысты қала аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қатаң сақтап, белгіленген жылдамдықта автокөліктердің ара қашықтарын сақтап жүру қажет екендігін ескертеміз. Ауарайының күрт өзгеруіне байланысты тұманда, тайғақ жолда қала сыртына немесе басқа облыстарға мейлінше шықпауларыңызды және жол жүру ережелері мен қауіпсіздігін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі