Шымкентте белгілі бір тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды әлеуметтендіру және мониторинг бойынша бастамашыл топ құрылды

Жарияланған күні: 12 қараша 2020

Шымкентте белгілі бір тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды әлеуметтендіру және мониторинг бойынша бастамашыл топ құрылды
Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетовтің бастамасымен белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды мониторингтеу және әлеуметтендіру жөнінде құрылған бастамашыл топтың мүшелері 2020 жылы 12 қараша күні сағат 13:06-те Шымкент қаласы Полиция департаментінің "Жедел әрекет ету" чатына Теміржол вокзалының маңында бір азамат мас күйінде қайыршылық жасап жатқаны бойынша ақпарат келіп түсті.

Өз кезегінде Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ #33 УПП-нің учаскелік полиция инспекторлары және Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жедел әрекет жасап, аталған азаматты полицияға жеткізді.
Аталған азаматқа қоғамдық орында қайыршылықпен айналысып жүргені үшін оған ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі