«Назар аудар – жаяу жүргінші»
«Назар аудар – жаяу жүргінші»
Шымкент қаласының аумағында қазан айының 6-10 күндері аралығында «Назар аудар – жаяу жүргінші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Басты мақсат - жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол-көлік тәртібін нығайту болып табылады. Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкі қызметікерлері автокөлік жүргізушілерінің және жаяу жүргіншілердің бірнеше жол-жүрісі қағидаларының талаптарын бұзу жайттарын анықтады.
Мәселен, 07.10.2020 жылы сағат 10:39 шамасында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Тәуке хан даңғылы бойында автокөлікті қоюға рұқсат етілмеген орынға қойғаны үшін ВАЗ маркалы автокөлігінің жүгізушісіне ҚР ӘҚБтК 597 бабының 1 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, дәл осы тәулікте Еңбекші ауданы Ж.Шаяхметов көшесінің бойында терезелері күңгірттелгені үшін BMW маркалы автокөлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК 590 бабының 5 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар Қаратау ауданы Бозарық көшесінің бойында жолдың жүру бөлігін өтуге болмайтын жерден жүріп өткені үшін азаматқа ҚР ӘҚБтК 615-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.