Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында 10 жасар қызды зорлау туралы көрінеу жалған ақпарат тарату жайтын анықтады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында 10 жасар қызды зорлау туралы көрінеу жалған ақпарат тарату жайтын анықтады.
2020 жылы қазанның 5-нен 6-на қараған түні «Facebook» әлеуметтік желісінің қолданушысы бір азамат досымен бірге өзінің 10 жасар қызын зорлады деген ақпарат жариялады. Бұдан басқа, осы жайтты полицияға хабарламауы үшін күйеуі әйелін ұрып-соқанын. Сондай-ақ, жазбада көрсетілген жайтарға байланысты полицияның әрекетсіздік танытып жатқаны айтылған.
Аталған жайттар бойынша жедел тексеру жұмыстары басталған.
Тексеру барысында 2020 жылдың 31 тамызында полицияға жергілікті тұрғын мектептің мұғалімі жас қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны туралы арызданғаны белгілі болды.
Сол күні аталған жайт ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізу барысында жасөспірім туыстарының қатысуымен бұл ақпаратты теріске шығарды және тиісті сараптамалардың қорытындысына сәйкес жасөспірімге қатысты заңсыз әрекеттер жасалмағандығы туралы расталды. Сондай-ақ, өтініш берушінің психоневрологиялық ауруханада емделгендігі анықталды.
Өз кезегінде жасөспірімнің туыстары полицияға әлеуметтік желіде жарияланған жазбаның авторы олардың отбасына қатысты көрінеу жалған ақпарат таратқаны туралы арыз берді.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Бірнеше сағаттан кейін жазбаның авторы «Facebook» әлеуметтік желісіндегі жариялаған ақпаратты өшіріп тастады. Алайда полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жазбаның фото көшірмесін алып, барлық материалдарды департаменттің тергеушілеріне тапсырды.
Шымкент қаласының Полиция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау қажеттігіне назар аударуды және көрінеу жалған ақпарат таратпауды сұрайды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі