Бақытты отбасы - бала көзімен
Бақытты отбасы - бала көзімен
Қыркүйектің екінші жексенбісі - отбасы күні. Жанұя – бақыт пен берекенің ордасы. Кез келген қоғамның діңгегіне айналған отбасы аса маңызды құрылым. Ал бала үшін – жанұяның орны ерекше. Мұны бала қиялына шабыт сыйлаған мына суреттерден аңғару қиын емес. Ананың мейірімді жүзі, әкенің қомқор бейнесі, жүзінде қуаныш ұялаған бала болмысы ерекше әсер сыйлайды. Әке мен ананың әр бір іс-әрекеті бүлдіршіндерге үлгі. Сол шағын мемлекет ішінде - бала болмысы қалыптасып, ата-ананың тәрбиесі бойға сіңеді. Ал қасиетті құндылықтарды бойға жиып өскен ұл мен қыз кемел келешек кепілі. Әр шаңырақ ынтымақ пен бақыттың ордасына айналып, әр ата-анаға баланың риясыз күлікісі жылу сыйласын. Айта кетейік, бұл мереке елімізде 2013 жылдан бастап мерекеленіп келеді.