Ересек балалар - ұрыс-керіс шығарушылар
2020 жылдың 4 қыркүйегінде Шымкент қаласы Әл-Фараби ПД ЖПҚ №26 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Ербол Юсупов әріптестерімен бірге кезекшілікте болды. Күннің екінші жартысында сағат 15:56 шамасында оларға Абдразаков көшесіндегі №3 үй пәтердің бірінде отбасылық жанжал туындағаны туралы хабарлама келіп түсті.
Шақырту келіп түскеннен кейін 5 минут ішінде оқиға орнына келген полицейлер аталған пәтерде тұратын 1975 жылы туған жергілікті тұрғын алкогольдік масаңдықтың айқын белгілерімен өзінің анасына балағат сөздер айтты. Өтініш авторының айтуынша, ол ұлының іс-әрекетінен зардап шегеді, ол алкогольді жиі пайдаланады және оны қорлайды.
Тәртіп бұзушы ұсталып, Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына жеткізілді. Сондай-ақ, оған қатысты қорғау ұйғарымы шығарылып, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік іс құжаттар Шымкент қаласы бойынша мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.
Полицейлердің айтуынша, құқықбұзушы бұрын отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Атап айтқанда 2020 жылдың 10 маусымында ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігі, 434-бабының 1-бөлігі және 73-бабының 1-бөлігі бойынша 3 әкімшілік хаттама толтырылды. 2020 жылдың 11 тамызында оған қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды. 2020 жылдың 24 тамызында ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы және 2-бөлігінің 73-бабы бойынша 2 әкімшілік хаттама толтырылды.
Тәртіп бұзушымен профилактикалық жұмыс тоқтамайды, Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АПБ ЖПҚ №26 УПП учаскелік полиция инспекторлары оның мінез-құлқын үнемі қадағалап отырады.
Шымкент қаласы ПД Баспасөз қызметі