Тәуелсіздіктің тірегі - Ата заң!
Тәуелсіздіктің тірегі - Ата заң! Биыл ҚР Конситутциясының қабылданғанына - 25 жыл! 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда елдің басты Ата Заңы қабылданды. Конституция – Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет екендігін айқындайтын бірден-бір төлқұжат. Ата Заңды сыйлау – республика азаматтарының қасиетті парызы.
Ал полиция қызметкерінің міндеті – заңдылықтың сақталуын қадағалау, қылмыстың алдын алу. Осы орайда Халыққа адал еңбек етуге ант берген сондай-ақ 30 тамыз Конституция күнімен қатар дүниеге келген Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері мерекелік құттықтауларын жеткізді. Конституция мемлекетіміздегі барлық құқықтық жүйенің өзегі болып табылады. Ел мүддесі, оның тыныштығы мен жарқын болашағы жолында тынымсыз қызмет етіп жүрген Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері Тәуелсіздігімізді паш ететін – Конституция күнімен құттықтайды.