Еңбекші ауданының Полиция басқармасы

Қызмет

Еңбекші ауданының Полиция басқармасы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жүйесіне кіретін және Шымкент қаласының Полиция департаментіне тікелей бағынатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Өз құзыреті шегінде жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шараларды, ішкі істер органдары бағынысты бөліністерінің қызметін үйлестіруді және ведомстволық бақылауды жүзеге асырады, карантиндік-санитарлық эпидемияға қарсы және табиғатты қорғау іс-шараларына қатысады, Полиция департаменті мен мүдделі мемлекеттік органдарды қылмысқа қарсы күрестің, қызмет көрсететін аумақта қоғамдық тәртіпті сақтаудың жағдайы туралы ақпараттандырады.

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Елшібек Батыр көшесі, 110А үй

Кезекші бөлім: + 7 (7252) 57-27-60,    + 7 (7252) 57-01-02