Қымтырып күнелткен ұры: Павлодар облысында ұрлық екі есеге төмендеді

Бүгінгі таңда, құқық бұзушылықтың ең көп тараған түрі ұрлық болып табылады. Ұрлықты жасаудың негізгі мотиві - қаскөйдің көзге түспей, бөтен мүлікті иемденіп, пайдаға асыруы.
- Павлодар облысы полицейлерінің тиімді жұмыс істеуі арқасында ұрлық 53,5 пайызға төмендегені байқалады. Солайша, ағымды жылдың өткен кезеңі ішінде 1411 бөтен мүлікті ұрлау тіркелді, өткен жылы осындай кезеңде 3035 факті жасалған, - деп облыс Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов атап өтті. Атап айтқанда, мал ұрлығы өткен жылы 62 болса, биыл - 44. Қалта ұрлығы 72 пайызға төмендеді. Пәтер ұрлығы 3 есе төменедеді - 132,өткен жылы 340 құрады. Ұялы телефонды ұрлау екі есеге азайды, бұрын 734 болса, бүгінгі күні - 305. Төмендеудің беталысы полиция қызметкерлерінің халық арасында ауқымды түсіндіру жұмыстары мен алдын алу шараларын жүргізу өз септігін тигізетінін атап өткен жөн. Мысалы, қарақшылық шабуыл, тонау, бөтен мүлікті ұрлау, сондай-ақ әртүрлі құқық бұзушылықтың уақытылы жолын кесу, ескерту, алдын алу үшін өңір полицейлері саяжай алқаптарына рейдтік іс-шаралар жүргізеді.
Сонымен қатар, пәтер ұрлығының алдын алу, сондай-ақ оған қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және жауапкершілікке тарту мақсатында, «Пәтер» жедел алдын алу іс-шаралары жүргізіледі, ал қала көшелері мен аулаларында полицейлер мен әскери қызметшілер тәулік бойы патрульдеуді жүзеге асырады,- деп полицейлер атап өтті.
Бұдан басқа, құқық бұзушылықты тез арада ашу және күдіктілерді ұстауға полицейлердің үйлесімді жедел жұмыстары өз ықпалын тигезеді. 13 тамызда Павлодар қаласы Полиция басқармасы Оңтүстік полиция бөліміне қала тұрғыны Ломов көшесінде орналасқан оның пәтеріне кешке жақын балконның есігі арқылы бейтаныс адам кіріп, 53 500 теңгені ұрлап кеткені туралы арызбен жүгінді. Оқиға орнынан күдіктінің 41 өлшемді аяқ киім ізі алынды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында қаскүнем ұсталды, ол кінәсін мойындады. Ұсталған адам бұрын 2013 жылы тонау жасағаны үшін сотталғаны және 3 жыл жазасын өтегені анықталды. Енді ол ұрлық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Полиция қызметкерлері азаматтарға қырағылық танытып, қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді. Пәтерден шыққан кезде терезелер мен балкон есіктерінің жабылғанын тексеріңіздер. Аз уақытқа да автомобильдерде бағалы заттарды қалдырмай, велосипедтерді құлыпқа салыңыздар. Өз мүліктеріңізді сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдану қажет.