Павлодар облысы полицейлерінің игі дәстүрлері

Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл толуы – айтулы мереке қарсаңында Павлодар облысы Полиция департаментінің шағын футбол бойынша құрамасы "30 игі іс" акциясына қатысуға шешім қабылдап, көп балалы отбасына үлкен теледидар сыйлады, сондай-ақ полицейлер бүлдіршіндерді тәтті тағамдармен қуантты.
Балаларға арналған полиция формасындағы әдемі адамдарды көру үлкен тосынсый болды. Күтпеген сыйлықтар одан да үлкен қуаныш болды.
- Бірнеше күн бұрын біздің құрама Павлодар облысының күш құрылымдарының 12 командасы арасында мини-футболдан турнир чемпионы атанды. Қызықты ойында бірінші орын үшін командаға теледидар берілді. Бірақ, бұл бағалы сыйлықты біз өзімізге қалдырмай, көп балалы отбасыны қуантуды шештік – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің ЖҚАЖ командирі Руслан Қаңтарбаев.
Жеті баланың анасы Гүлбахыт Омарбекова қонақтарға сыйлық үшін алғысын білдіріп, келе жатқан мерекемен құттықтап, осындай маңызды және жауапты қызметте табыс тіледі.
Айта кетейік, полицейлер қолдауды қажет ететіндерді ешқашан назардан тыс қалдырмайды. Жақсы істер жасау - Павлодар облысының тәртіп сақшыларының өзіндік дәстүрі.