
Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шалдай ауылының дәрігерлік амбулаториясының фельдшері Ольга Айдаркан учаскелік полиция инспекторы Қанат Исановқа қиын жағдайда көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.
- 6 қыркүйекте бізге тыныс алу жеткіліксіздігі байқалған науқас баланың анасы жүгінді. Сол күні жалғыз жедел жәрдем көлігі науқасты аудан орталығына алып кетті.
Көмекке учаскелік полиция инспекторы Қанат Исанов келді, ол жедел және тез арада үш айлық науқас баланы екі жақты пневмония диагнозымен облыс орталығына жеткізді. Бұл күні учаскелік инспектор жанымызда болмаса, біз баладан айырылып қалуымыз мүмкін, себебі мұндай сәттерде уақыт үлкен рөл атқарады, - деді Ольга Павловна