В Мангистау обсуждены вопросы принуждения к вступлению в брак, сталкинга и насилия в отношении женщин

В Мангистау обсуждены вопросы принуждения к вступлению в брак, сталкинга и насилия в отношении женщин

Ағымдағы жылдың 6 ақпанында Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығында «Неке қиюға мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық. Құқықтық жауапкершілік» тақырыбында тікелей эфир өтті.

Тікелей эфирге Маңғыстау облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкері, полиция майоры Жандос Ахметов және облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Жақсыгүл Маханбетова қатысып, көрермендермен ашық форматта пікір алмасты.

Сұхбат барысында неке қиюға мәжбүрлеу, сталкинг (жүйелі түрде қудалау) және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілері үшін заңнамада көзделген жауапкершілік кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ аталған құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар, азаматтардың құқықтары мен оларды қорғау тетіктері туралы ақпарат берілді.

Спикерлер әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті арттыру – құқық қорғау органдары мен қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.

Полиция азаматтарды кез келген құқыққа қарсы әрекет туралы «102» нөміріне хабарлауға шақырады.

https://www.instagram.com/reel/DUk3vphDD19/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==