В Актау выявлено наркопреступление

2026 жылғы 11 наурызда Маңғыстау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Ақтау қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді.
Іс-шара барысында Қытай Халық Республикасы азаматы ұсталды. Тінту және тексеру кезінде оның қолынан синтетикалық есірткі зат — мефедрон (30 грамм) тәркіленді, сондай-ақ мобильді телефондар заттай дәлел ретінде алынды.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына (ИВС) орналастырылды, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.
https://www.instagram.com/p/DWYzj8ojB12/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Қызмет бағыты