«Қаражаттың қауіпсіздігі – өз қолыңызда!»

Құрметті Жаңаөзен тұрғындары!
Соңғы уақытта қалада алаяқтық әрекеттері көбейіп кетті. Қауіпсіздігіңіз – өз қолыңызда!
🔹 Белгісіз нөмірлерден келген қоңыраулар мен SMS-хабарламаларға сенбеңіз
🔹 Банк картасының деректерін (номер, CVV, SMS-код) ешкімге бермеңіз
🔹 «Ұтыс ұттыңыз», «шотыңыз бұғатталды» деген хабарламаларға алданып қалмаңыз
🔹 Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз
🔹 Қажет болған жағдайда тек ресми ұйымдарға хабарласыңыз
⚠️ Есіңізде болсын: банк қызметкерлері ешқашан сізден құпия код сұрамайды!
👮♂️ Егер алаяқтық әрекеттерге тап болсаңыз — дереу полицияға хабарласыңыз.
Бір-бірімізді ескертіп, сақ болайық!
Қауіпсіз қала – ортақ жауапкершілік!
https://www.instagram.com/reel/DWAvAr9iHSO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==