«Адам саудасына қарсы іс-қимыл»: Маңғыстау облысында қыстақтар мен шаруа қожалықтарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

«Адам саудасына қарсы іс-қимыл»: Маңғыстау  облысында қыстақтар мен шаруа қожалықтарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Адам саудасы – жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін ең ауыр қылмыстардың бірі. Осы бағыттағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Маңғыстау облысы Полиция департаменті өңір аумағында жүйелі түрде профилактикалық іс-шаралар өткізуде.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстағы қыстақтарда, сондай-ақ шаруа және фермер қожалықтарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары жұмыс берушілер мен тұрғындарға адам саудасының негізгі белгілері, заңсыз еңбек қатынастарының салдары және қолданыстағы заңнамада қарастырылған жауапкершілік шаралары туралы ақпарат берді.
Азаматтарға күмәнді жұмыс ұсыныстарын қалай тануға болатыны және мәжбүрлі еңбек фактілері анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жедел хабарласу қажеттілігі түсіндірілді.