Аймақта қару айналымына бақылау күшейтілді

Өңір аумағында ағымдағы жылдың 2 ақпаны мен 20 наурызы аралығында «Қызметтік қару» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның басты мақсаты — қару айналымы саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылау және қоғамдық қауіпсіздікті арттыру.
Іс-шара барысында облыстық Полиция департаментінің қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау тобының қызметкерлері қызметтік қару сақталатын мекемелерге жоспарлы тексеру жүргізді. Тексеру кезінде қаруды сақтау, есепке алу, тіркеу тәртібі мен рұқсат құжаттарының заңдылығы зерделенді.
Полиция департаменті қару иелері мен мекеме басшыларын қаруды сақтау және тіркеу талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Қызмет бағыты