Маңғыстау облысында «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Маңғыстау облысында «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы 2026 жылғы 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында облыс аумағында «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасының өткізілетінін хабарлайды.

Іс-шараның негізгі мақсаты — браконьерлікпен күресу, заңсыз балық аулау фактілерінің алдын алу, сондай-ақ бекіре тұқымдас балықтарды қорғау және сақтау.

Іс-шара барысында құқық қорғау органдары табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын бақылауды күшейтіп, су айдындарында рейдтік іс-шаралар жүргізеді.

Осыған байланысты облыс тұрғындарын табиғатты қорғау заңнамасын қатаң сақтауға және заңсыз әрекеттерге жол бермеуге шақырамыз.

🌿 Табиғатты бірге қорғайық!

Басталу уақыты

01 сәуір 2026

Соңғы күні

31 мамыр 2026

Оқиға түрі

Кездесу