Жаңаөзен қаласының Полиция басқармасында мұнай ұйымдарының, кәсіпорындардың басшыларымен кездесу өтті. Мақсаты – салынған әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алу туралы заңды түсіндіру. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кету керек, екі ай ішінде полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-де қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 33 млн. 26 мың 727 теңгеге 5 600-ден астам хаттама толтырылды. Оның ішінде 20 млн. 520 мың 803 теңге сомасына 2 600-ден астам хаттама өндірілді.
