Қазақ тілі орталығында Маңғыстау облысы Полиция департаментінде қызмет ететін әр ұлт өкілдері үшін ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы - Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Сабақ барысында тәртіп сақшылары актерлік дағдыларын көрсетіп, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын көрсетті.
