Наурыз айының басынан бері жедел іс-шаралар жүргізу барысында Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 50 есірткі қылмысын анықтады, оның ішінде соңғы мереке күндері – 5 факт. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Мысалы, полиция қызметкерлері Ақтау қаласының тұрғынын анықтады,оны тексеру кезінде есірткі затына ұқсас зат бар қағаз орама табылды. Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген зат 3,72 грамм салмағында есірткі заты екені анықталды. Осындай жағдай Жаңаөзен қаласында да орын алды. Полиция қызметкерлері көшеде қала тұрғынын ұстады, оны тексеру кезінде 3,24 грамм құрайтын марихуана тауып, тәркілеп алған. Түпқараған ауданының екі тұрғынынан да біреуі 10,6 және екіншісі 5,83 грамм құрайтын есірткі заты табылып, ұсталды.
