Логотип МВД РК

Меню

Страницы

Статья

Маңғыстау: ТЖ кезінде 28 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Амангелді Қалмұратов мәлімдеді.

 

Гүлайым ДӘУІТБАЙ
 

Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты өңірде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Полиция департаменті мен әкімдік бірігіп, індеттің алдын алу үшін блокпосттар қойды.

Мәселен, Бейнеу ауылы Боранқұл станциясына - 1, Түпқараған ауданында - 1 және Жаңаөзен қаласында - 2 блокпост қойылды. Блокпосттарды қоюдағы мақсат – халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жолаушылардың денсаулығын тексеру.

​Сонымен қатар, ҚР Президентінің төтенше жағдай жариялауына байланысты, кафе, барлардың жұмыс істеу режимін бұзғаны үшін 28 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ақтау қаласында анықталған 18 әкімшілік құқық бұзушылықтар негізінде 5 тұлға әкімшілік қамауға алынып, 1 тұлғаға қатысты 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Жаңаөзен қаласында анықталған 6 әкімшілік құқық бұзушылықтар негізінде 3 тұлғаға қатысты 10 айлық есптік мөлшерде айыппұл салынып, 3 тұлға әкімшілік қамауға алынды. Үй карантиніне орналастырылған тұлғалармен белгіленген режимді бұзғаны үшін Ақтау қаласының 1 тұрғыны жауапкершілікке тартылды. Басқа анықталған құқық бұзушылықтар бойынша заңды шешім қабылдау мақсатында сот орындарына жолданды.  

Полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындарды облыста енгізілген шектеу шараларын қатаң ұстануға шақырады. Тәртіп бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

https://egemen.kz/article/226965-manhghystau-tzh-kezinde-28-adam-akimshilik-dgauapkershilikke-tartyldy

Дата публикации
01 апреля 2020
Дата обновления
02 апреля 2020
Тип
Интервью

Сейчас читают

Пресс-релизы
01 июля 2025
С помощью миграционной службы подросток впервые получил удостоверение личности
11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
СМИ о нас
11 января 2024
В Мангистау сельские участковые инспектора вернули украденный кошелек владельцу

Социальные медиа

instagram
facebook.com
youtube.com
twitter.com

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы