Ақтау қаласы ПБ ЖПҚб ЮПб жеке құрамымен қала аумағындағы жасөспірімдердің болашағына әсер ететін қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу және ізін суытпай ашу мақсатында жыл басынан бері бірқатар жұмыстар жүргізуде, деп хабарлады Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ әкімшілік учаскеде кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қадағалаусыздығының және панасыз қалуының деңгейін төмендету, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторларының негізгі міндеті болып табылады. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын, құқықтық мәдениетін арттыру бағытында әртүрлі іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ «Құқықтық тәртіп», «Түнгі қаладағы балалар», «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы», «Қолайсыз отбасы» атты алдын алу профилактикалық іс шарлары және «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» «Есірткісіз өмір» акциясы өткізіліп апта сайын рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда.
