Аталған факті бойынша қылмыс белгілеріне байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілдері күдікті анықталды. Ол полиция есебінде тұрған Атырау қаласының 29 жастағы жұмыс істемейтін тұрғыны болып шықты.
Тергеу барысында ұсталған азаматтың тағы бір ұрлыққа қатысы бар екені анықталды.
Жаңаөзен тұрғыны полицияға ұрлық туралы арызданған. Белгілі болғандай, қаскүнем терезені күштеп ашып, пәтерге кіреді, шкафта сақталған 16 алтын әшекейді ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 2 миллион теңгені құрады.
Жауап алу кезінде ол қылмысын мойындады. Тергеу іс-әрекеттерін жүргізу барысында ұрланған заттар күдіктіден тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай айғақ ретінде қосылды. Материал сотқа жіберілді.
"Өз мүлкіңізге мұқият болыңыз! Қалта ұрлығы сияқты қылмыстың құрбаны болмас үшін, заттарды сенімді жерлерде, ішкі қалталарда немесе түймелері бар қалталарда сақтаңыз. Ешбір жағдайда құндылықтарды жеңіл қолжетімді киім қалтасына, рюкзактың қалтасына, сондай-ақ сөмкенің бүйір қалтасына салмаңыз", - деп ескертеді полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев.
Егер ұры адамнан бірдеңе ұрлағысы келетін болса және оның айналасындағы адамдардар ешкім оны байқамайтын болса, мұндай жағдайда айналасындағы адамдардың назарын аударып, құнды затты кімнің ұрлағысы келетінін көрсеткен дұрыс.
"Егер Сіз қалта ұрлығын байқасаңыз, онда білдіртпей, бұл туралы полиция қызметкерлеріне хабарлаған дұрыс", - деп еске салады полиция басшысы.
Полицейлер егер қалта ұрлық орын алып жатса, ұрыны ақыл-саналы азаматтар ұстаған болса, бірақ, өкінішке орай, жақын маңда полиция қызметкерлері болмаса, ең алдымен, ұрының алған заттарынан құтылып кетпеуін шаралар қабылдау, жәбірленушіні, куәгерлердің шеңберін анықтап, ішкі істер органдарына "102" телефоны арқылы шұғыл қоңырау шалу керектігін айтады.