ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА РЕСЕЙ ФЕДАРАЦИЯСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БОЛУ ЖАДЫНАМАСЫ

Ресей Федерациясының азаматтары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезеңінен бастап, Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсатын (бұдан әрі – ТҰР) рәсімдеусіз 90 тәулікке дейін Қазақстан Республикасы аумағында болуға құқылы.

Қабылдаушы тарап шетелдіктердің болуы туралы олардың келу күнінен бастап ішкі істер органдарына үш жұмыс күні ішінде келесі хабарлау жолдары: 

- көші-қон қызметі бөліністеріне тікелей жүгініп хабарлау;  

- ЭСҚ бар болған жағдайда www.vmp.gov.kz немесе egov.kz веб-сайттары арқылы визалық – көші-қон порталы;

- www.eqonaq.kz  веб-сайты арқылы "e-Qonag" ақпараттық жүйесі (қонақүйлер үшін) арқылы ақпараттандырады.

Ескертпе: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының ... қағидаларының»  6 тармағына сәйкес, көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болуының рұқсат етілген мерзімі: Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттердің азаматтары үшін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн өткен соң.

Көрсетілген болу мерзімі өткенге дейін көшіп келушілер Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.

 

Уақытша тұруға арналған рұқсат:

Ресей Федерациясының азаматтарына 90 тәуліктен аса болу үшін келесі мақсаттармен уақытша тұруға рұқсатты рәсімдеу қажет:

- жұмысқа (еңбек шарттарын есепке алу бірыңғай жүйесінде «ЕШЕАБЖ» - уәкілетті органдарда (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде) тіркелген еңбек шарты негізінде;

- отбасын біріктіру (Қазақстан Республикасы аумағында тұратын тұлғамен отбасылық қатынасты растайтын құжат);

- оқуға (Қазақстан Республикасындағы оқу мекемесінің өтініші );

- емделуге (шетелдіктің Қазақстан Республикасындағы медициналық мекемелерінде емделу қажеттілігін растайтын медициналық мекемемен бергілген құжаттар);

- миссионерлік қызмет (діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы уәкілетті органмен берілген куәлік);

- бизнес-көшіп келушілер (Қазақстан Республикасындағы жергілікті атқарушы органмен берілген құжат).

 

Мемлекеттік қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.

Дата публикации
04 ноября 2022