Елордада жасөспірімнің мопедін алдап алған алаяқтар ұсталды

Елордада жасөспірімнің мопедін алдап алған алаяқтар ұсталды

Қарағандылық полицейлер жедел-іздестіру шаралары барысында елордада 17 жастағы жасөспірімнің мүлкін алдап иемденген екі күдіктіні ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мәліметінше, Қарағанды қаласының тұрғыны – 17 жастағы жасөспірім ата-анасының келісімімен өзінің мопедін онлайн сауда алаңында сатуға шешім қабылдаған. Жарнама жарияланғаннан кейін біраз уақыт өткен соң, оған екі азамат хабарласып, өздерін сатып алушы ретінде таныстырған. Сенімге кірген олар оңтайлы сәтті пайдаланып, мопедті алдап алып, іздерін суытқан. Келтірілген материалдық шығын – шамамен 220 мың теңге. Аталған қылмысты ашу мақсатында  Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері жедел шаралар жүргізіп, нәтижесінде күдіктілер елорда аумағында ұсталды. Қазіргі таңда олар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты зат – мопед тәркіленіп, іс материалдарына тіркелді. Полиция қазіргі уақытта күдіктілердің өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.