Қарағандыда жасөспірімдер құрылыс алаңынан құрылғыларды ұрлаған

Қарағандыда кәмелетке толмаған екі жасөспірімнің құрылыс алаңынан қымбат құрылыс құралдарын ұрлағаны анықталды. Қаланың 48 жастағы тұрғыны Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне жүгініп, салынып жатқан жеке үйінен бірқатар құрылыс құралдарының ұрланғанын хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер перфораторлар, бұрыштық тегістегіш (болгарка) және құрылыс деңгейін қолды етіп, жалпы құны 140 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Оқиға орнынан қашып бара жатқан күдіктілерді көршілердің бірі өз смартфонының камерасына түсіріп үлгерген. Күдіктілердің сыртқы бейнесі анық көрінетін фотосурет полицейлерге маңызды айғақ ретінде ұсынылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктілердің ізіне түсіп, оларды анықтады. Ұсталғандар - Қарағанды қаласының 16 және 17 жастағы тұрғындары болып шықты. Жасөспірімдердің тұрғылықты мекенжайынан ұрланған құрылғылар табылып, тәркіленді. Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Кәмелетке толмағандардың бұл қылмысқа қалай барғаны, олардың өзге де заңсыз әрекеттерге қатыстылығы тергеліп жатыр. Қарағанды облыстық ПД жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтуде және ата-аналарды балалардың бос уақытын қадағалауға шақырады.