Қарағанды облыстық Полиция департаментінде аруларға құрмет көрсетілді

Қарағанды облыстық Полиция департаментінде аруларға құрмет көрсетілді.
Көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай облыстық Полиция департаментінде салтанатты іс-шара болып өтті. Алдымен қиыны мен қызығы қатар жүретін ішкі істер органдарындағы нәзік жандыларды департамент бастығы полиция полковнигі Негмет Исмагулов мерекемен құттықтады.
-Сіздер – мейірімділік пен сұлулықтың, шыдамдылық пен қамқорлықтың жарқын үлгісі бола білдіңіздер. Қоғамдағы, отбасындағы, қызметтегі рөлдеріңіз орасан зор. Полиция департаменті басшылығының және Өз атымнан Сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін. Күнделікті еңбектеріңізбен, аналық махаббаттарыңызбен, айналамызға жылулық сыйлап келесіздер.
Сіздер тек қызметте ғана емес, өмірде де нағыз батыр жандарсыздар.
Осы айтулы мерекеде Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, ал жүректеріңізге шексіз бақыт пен қуаныш тілеймін! Көктемнің жылуы мен шуағы әрдайым өмірлеріңізді нұрландырсын,-деді Негмет Исмагулов.
Құттықтау сөзінен кейін өңірдің бас полицейі Негмет Исмагулов арулар мерекесіне орай қызметте алдыңғы шептен көрініп, лауазымдық міндеттерін адал орындап жүрген пагонды аруларды ішкі істер министрлігінің ведомствалық наградаларымен және департамент бастығының грамота алғыс хаттарымен марапаттады.
Ішкі істер министрлігінің грамотасымен марапатталғандардың қатарында полиция аға лейтенанты Жазира Орынбаевада бар. 15 жылға жуық құқық қорғау органында қызмет атқаратын пагонды ару бүгінгі таңда Саран қалалық полиция бөлімінде еңбек етіп келеді.
-Осы салада еңбек етіп келе жатқаныма 15 жыл болды. Полиция қызметі өте қиын болсада ерлермен бірге әйел адамдар да қызмет атқаруда. Жауапкершілігі мол қызметте барлық аруларға сәттілік тілеймін, -деді марапат иесі Жазира Орынбаева.
Салтанатты іс-шара барысында ішкі істер органында қызмет атқарып жүрген нәзік жандылардың аналарына да құрмет көрсетілді. Оларға Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің атынан алғыс хат табысталды.
Марапаттау салтанатынан кейін кеншілер астанасы өнерпаздарының ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Өнерпаздар әсем ән шырқап арулардың қошеметіне бөленді.