Қарағандыдағы кәсіпорында ұрлық жасағандарды полиция ұстады

Қарағандыдағы кәсіпорында ұрлық жасағандарды полиция ұстады

Қарағандыдағы кәсіпорында ұрлық жасағандарды полиция ұстады
Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті зауыт аумағынан өнімді ұрламақ болған үш ер адамды қылмыс үстінде қолға түсірді. Ұрланған заттарды зауыт аумағынан шығармақ болған жұмысшылар тәртіп сақшыларының тосыннан келгеніне дайын болмай, ойластырған әрекеттері әп-сәтте тоқтатылды.
Ұсталғандардың жасы 52, 44 және 43-те. Оларға қатысты ұрлық жасауға әрекеттену бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында олардың осыған дейін зауыт аумағында ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып, әрқайсысының әрекетіне заң тұрғысынан баға беріледі.

Қызмет бағыты