Қарағандыда синтетикалық есірткілердің ірі партиясымен есірткі тасымалдаушылар ұсталды

Қарағандыда синтетикалық есірткілердің ірі партиясымен есірткі тасымалдаушылар ұсталды

Қарағандыда синтетикалық есірткілердің ірі партиясымен есірткі тасымалдаушылар ұсталды
Қарағанды облысының полиция қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткілердің ірі партиясын таратуға қатысы бар есірткі тасымалдаушыларды ұстау бойынша операция жүргізді.
-Жедел жұмыс барысында 37 жастағы Қарағанды тұрғыны ұсталды. Одан ұнтақ тәрізді заттар салынған 54 түйіншек табылды. Болжам бойынша, бұл «Мефедрон» және «PVP» есірткілері. Оның пәтерін тінту кезінде полицейлер шамамен 1 келі тыйым салынған заттарды, медициналық қолғаптарды, электронды таразыларды және әрқайсысы 1 грамнан салынған алты түйіншекті тәркіледі. Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттардың синтетикалық есірткілер екені белгілі болды,-деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу барысында елордадан келген 20 жастағы тұрғын ұсталып, оған жүргізілген тінту барысында 600 грамм есірткі заттары тәркіленді. Ол Қарағандыға есірткі партиясын жеткізу үшін келгенін мойындады. Ұсталған азаматқа қатысты тергеу кезінде ол өзінің серіктесі бойынша мәлімет берді. Соның нәтижесінде, Қарағанды облыстық Полиция департаментінің жедел мәліметі бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті қызметкерлері Астана қаласында 23 жастағы күдіктіні ұстады. Тәртіп сақшылары одан 8 келіден астам мефедрон тәркіленді.
Күдіктілер тергеу уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еске сала кетейік, жыл басында Қарағанды облыстық Полиция департаменті Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Асыл ауылында есірткі зертханасының жұмысына нүкте қойып, ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесін ұстаған еді.