Теміртауда ойын автоматынан ақша ұрлаған күдіктілер ұсталды

Теміртауда ойын автоматынан ақша ұрлаған күдіктілер ұсталды
Қарағанды облысы Теміртау қ. ПБ-на қарасты Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері 24-39 жас аралығындағы үш ер адамды ұрлық жасады деген күдікпен ұстады. Ер адамдар дүкендердің біріндегі ойын автоматына орнатылған құлыпты бұзып, 150 мың теңгені ұрлап кеткен.
Күдіктілер кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қызмет бағыты