Теміртаулық полицейлер дүкендегі ұрлықтың жолын кесті

Теміртаулық полицейлер дүкендегі ұрлықтың жолын кесті
Түн ортасында Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының жасағы өз бағытында келе жатып, дүкендердің бірін байқады. Сауда нүктесінің сынған терезесі күдік туғызды. Полиция оқиға орнына келеді, сол уақытта дүкеннен белгісіз адам жүгіріп шықты. Ол жасырынуға тырысты, бірақ ұсталды. 35 жастағы ер адам терезе әйнегін сындырып, ұрлық жасау үшін сауда нүктесіне кіріп кеткені белгілі болды. Бірақ қызметтік көлікті байқаған ол өзінің көздеген қылмыстық ниетін аяқтай алмаған. Бөтеннің мүлкін ұрлауға оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.
Қызмет бағыты