Қарағанды облысында полицейлер алтын бұйымдарды ұрлаған үй ұрысын ұстады

Қарағанды облысында полицейлер алтын бұйымдарды ұрлаған үй ұрысын ұстады

Қарағанды облысында полицейлер алтын бұйымдарды ұрлаған үй ұрысын ұстады.
Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері 29 жастағы ер адамды ұрлық жасады деген күдікпен ұстады. Ұры 50 жастағы әйелдің пәтеріне кіріп, екі жұп алтын сырғасын ұрлап кеткен. Шығын мөлшері 280 мың теңгені құрады. Күдікті өз кінәсін мойындады және алтын бұйымдарды ломбардтардың біріне тапсырып үлгергенін көрсетті. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Қызмет бағыты