Қарағандыда сатушының әмиянын жымқырған ұрыны бейнекамераның көмегімен анықтады.

Қарағандыда сатушының әмиянын жымқырған ұрыны бейнекамераның көмегімен анықтады.
Қарағанды қаласының ПБ –на қарасты Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері 48 жастағы азаматты ұрлық жасады деген күдікпен ұстады. Ер адам кешкісінде дүкенге кіріп, сатушының бөлмеден шығып кеткенін пайдаланып, кассанын жанында жатқан әмиянды ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен. 36 жастағы жәбірленуші ішінде 80 мың теңге көлемінде ақшасы бар әмиян жоқ екенін байқап, полицияға жүгінген. Сауда орнында орнатылған бейнекамера қылмысты жедел ашуға көмек көрсетті. Камера бейтаныс адамның әмиянды ұрлап жатқан сәтін түсіріп алған. Оның жеке басын анықтау үшін тек уақыт керек болды. Күдікті кінәсін мойындады. Заттай дәлелдер тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалып,тергеу жүргізілуде.