Қарағанды облысында полиция қызметкерлері қалааралық автобус жүргізушісімен 55 жолаушысына көмек көрсетті

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері қалааралық автобус жүргізушісімен 55 жолаушысына көмек көрсетті

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері қалааралық автобус жүргізушісімен 55 жолаушысына көмек көрсетті 27 қазан күні сағат 23.30 шамасында Қызылорда-Павлодар тас жолында Қарағанды облысы ПД патрульдік полиция батальонының инспекторлары А. Ысқақов пен А. Қабиболла қызмет атқару барысында жол бойында апаттық белгілерінсіз тұрған қалааралық автобусты байқаған.
Көлік салонында жүргізушімен бірге 55 адам болған. Оның оны кәмелетке толмаған, 25 әйел және 20 ер адам екені белгілі болды. Жолаушылардың ең кішкентайы небәрі екі жастағы сәби.
Істен шыққан автобусты жүргізушісі іске қоса алмағандықтан, көлікті жолдан алып тастау мүмкіндігі болмады.  Тәртіп сақшылары қиындыққа тап болған барлық жолаушыларды арнайы автокөлікпен Шет ауданы Ақой кентінің мешітіне жеткізіп, сол жерге орналастырып, оларды азық-түлікпен және ұйықтайтын орындармен қамтамасыз етті.