Қарағандыда 6 шетелдік құқық бұзушы анықталды

Қарағандыда 6 шетелдік құқық бұзушы анықталды
"Заңсыз жүрген шетелдік" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Октябрь және Теміржол полиция бөлімдерінің көші-қон қызметтерінің қызметкерлері Октябрь ПБ жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен және Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің полицейлерімен бірлесіп 6 шетелдіктің заңсыз еңбек етуінің жолы кесілді. Құқық бұзушылар Әлихан Бөкейхан атындағы аудан аумағында жергілікті атқарушы органның тиісті рұқсатынсыз еңбек еткен.
Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде бұл адамдар еңбек заңнамасын бұзғаны әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырды. Көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдік азаматтардың құжаттары мен куәліктерін мұқият тексерді, сондай-ақ Қазақстандағы шетелдік қызметкерлердің еңбектерін реттейтін құқықтық нормалар туралы түсіндіру әңгімелерін өткізді. Жауапқа тартылған барлық тұлғаларға заңсыз жұмыстың салдары және одан әрі жұмысқа орналасу үшін тиісті рұқсаттар алу қажеттілігі туралы түсіндірілді. Бұл шаралар құқықтық тәртіпті нығайтуға және көші-қон саласындағы заңнаманы сақтауға ықпал етеді.