Қарағандыда бірнеше алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Қарағандыда бірнеше алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Қарағандыда бірнеше алаяқтық жасаған күдікті ұсталды.
Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің қызметкерлерімен алаяқтық жасады деген күдікпен 52 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Күдікті қаладағы мекемелердің біріне 27 жастағы азаматты жұмысқа тұрғызамын деген желеумен 732 мың теңге ақшасын қолды қылған. Ұсталған азамат жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу әрекеттері барысында тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас тағыда төрт қылмысқа қатысы барын анықтады. Анықталған қылмыстардың барлығы бір өндіріске алынды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.