Қарағандылық полицейлер бірнеше қол сағат пен ұялы телефон ұрлаған күдіктіні ұстады

Қарағандылық полицейлер бірнеше қол сағат пен ұялы телефон ұрлаған күдіктіні ұстады

Қарағандылық полицейлер бірнеше қол сағат пен ұялы телефон ұрлаған күдіктіні ұстады. Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 28 жастағы азаматты қолға түсірді. Ұсталған азамат қаладағы ломбардтардың бірінде болып ол жерден екі дана қол сағатпен ұялы телефон ұрлап кеткені анықталды. Мекемеге келтірілген шығын көлемі 450 мың теңгені құрады. Ұсталған азамат жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, ұрланған заттарды басқа ломбардқа тапсырғанын көрсетті. Ол жерден айғақ заттар тәркіленіп алынды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері барысында тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас тағы да екі қылмысқа қатысы барын анықтады. Мәселен, күдікті қаладағы дүкен сөрелерінің бірінен құны 170 мың теңге болатын қол сағатты ұрлап кеткені белгілі болды. Қаскөйдің жәбірленушілерге келтірген жалпы шығыны шамамен 800 мыңға бағаланды.

Қызмет бағыты