Қарағандылық полицейлер заңсыз айналымнан 2.3 кг синтетикалық есірткі тәркіледі

Қарағандылық полицейлер заңсыз айналымнан 2.3 кг синтетикалық есірткі тәркіледі.
Қарағанды облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала көшелерінің бірінен аса ірі көлемде қатты әсері бар есірткі сату күдігімен 24 жастағы азаматшаны ұстады.
-Оған жүргізілген тінту жұмыстары барысында ұнтақ тәрізді төрт пакет тәркіленді. Тәркіленген заттарға жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттың жалпы салмағы 2 келі 300 грамм синтетикалық есірткі екені белгілі болды,-деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.
Айта кету керек, тәркіленген синтетикалық есірткі 4 мың адамға жеткізлмеді, өйткені бұл салмақ 4600 бір реттік дозаға тең.