Қарағандыда компьерлік клубтан 15 миллион теңге болатын құрылғыларды ұрлаған күдікті ұсталды

Қарағандыда компьерлік клубтан 15 миллион теңге болатын құрылғыларды ұрлаған күдікті ұсталды

Қарағандыда компьерлік клубтан 15 миллион теңге болатын құрылғыларды ұрлаған күдікті ұсталды. Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 33 жастағы компьер клубының иесі арызданып, белгісіз біреу орталықтан монитор, процессор, жады және видеокарталарын ұрлап кеткенін хабарлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 15 миллион теңгені құрады. Оқиға орынына полиция қызметкерлерімен тексеріс жұмыстарын жүргізу барысында, тәртіп сақшылары құлыптың бұзылмағанына назар аударған. Сондықтанда полицейлер қаскөйдің кілт таңдау арқылы немесе сол орталықтың кілті болған деген болжамға келді. Сонымен қатар, ұрлық жасаған күдіктінің қандай заттардың құнды екенін білген деген болжам жасалды. Алдын ала тергеу әрекеттері барысында сол орталықтан ұрлық болардан бірер күн бұрын 23 жастағы программист болып жұмыс жасаған азаматтың жұмыстан кеткені және онда барлық бөлмелердің кілті болғаны белгілі болды. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жұмыстар барысында күдікті ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

Қызмет бағыты