Қарағанды облысында өз-өзіне пышақ жарақатын салған адамды учаскелік полиция инспекторы құтқарып қалды

Қарағанды облысында өз-өзіне пышақ жарақатын салған адамды учаскелік полиция инспекторы құтқарып қалды

Қарағанды облысында өз-өзіне пышақ жарақатын салған адамды учаскелік полиция инспекторы құтқарып қалды. Бұқар-Жырау ауданына қарасты Ғабиден Мұстафин атындағы кентте орналасқан полиция бөліміне қадағалау жасайтын аумақтардың бірінде өз үйінің ауласында ер азаматтың пышақпен жүргені туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына бірнеше минуттан соң учаскелік полиция инспекторлары Тілектес Махановпен Қанат Орманбетов барды. -Үйге кіре берісте бізді бір әйел адам күтіп алды. Сол адам полицияға қоңырау шалып, ұлының орынсыз қылықтары туралы хабарлаған. Біз сол үйдің ауласына кіргенімізде ұлы ол жерде болмады. Арызданушы ұлының үйге кіріп кеткенін, ал өзінің үйге кіруге қорықып тұрғанын айтты. Ер азаматты біз үйдегі бөлмелердің бірінен төсекте жатқан жерінен таптық. Сол кезде оның сол қолындағы пышақ жарақатын көрдік. Сөйтсек, ол өз-өзіне қол жұмсап, ас пышағымен сол жақ қолының тамырын кесіп жіберген екен. Сондықтанда қанды тоқтату мақсатында жгутпен қысып тастадық. Кейін, жедел жәрдем қызметкерлері келіп, оны дәрігерлерге табыстадық,-деді учаскелік полиция инспекторы Тілектес Маханов. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттері бір қайғылы жағдайдың алдын алды. Ұлына көмек қолын созған тәртіп сақшыларына жәбірленушінің анасы алғысын білдірді.